Біз туралы
Біздің балабақша – балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған заманауи мектепке дейінгі білім беру ұйымы. Мұнда әр баланың жеке қабілеті мен қызығушылығы ескеріліп, сапалы білім мен саналы тәрбие беріледі.
Балабақша кең әрі жарық топ бөлмелерімен, қауіпсіз ойын алаңымен, заманауи оқу-құралдарымен және білікті педагог мамандармен қамтамасыз етілген. Оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Біздің мақсатымыз – әр баланың бойындағы қабілетті ашып, өзіне сенімді, білімге құштар, мейірімді және шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Мекен-жайы: А.Бөкейхан көшесі, 28 үй
Оқыту тілі: қазақ тілі
Балалардың жас ерекшелік топтары:
Ортаңғы топ - "Балдаурен" тобы;
Ересек топ -"Күншуақ" тобы;
Мекепалды тобы - "Дарын" тобы.