Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі
Мерекелік іс-шараның мақсаты – балаларды қазақ халқының салт-дәстүрімен, ұлттық мәдениетімен таныстыру, ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру болды.
Мерекеде бүлдіршіндер ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүрлер көрсетіліп, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
Наурыз – татулықтың, береке-бірліктің және жаңарудың символы. Осындай тағылымды мерекелер арқылы балалар ұлттық рухты бойына сіңіріп, халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиеленеді.