З0 қаңтар күні балабақшамызда «Ұлттық тәрбие – ұлттық терапия» атты тағылымды іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді дәріптеу, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Шараға бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге белсене қатысып, ұлттық ойындар ойнап, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін танытатын түрлі шығармашылық тапсырмалар орындады. Бірлескен жұмыстар арқылы балалар ұлттық тәрбиенің маңызын сезініп, ата-аналарымен бірге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған ерекше әсер алды.
Осындай мазмұнды іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты, отансүйгіштік пен отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға зор үлес қосады.