Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.

«Бала тәрбиесі – ортақ міндет. Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы»


«Ұлағат-2» балабақшасында «Бала тәрбиесі – ортақ міндет. Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналармен өзара байланысты арттыру және балалардың жан-жақты дамуына бірлесе жағдай жасау.


Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасылық құндылықтар, балабақша мен отбасының ортақ міндеттері талқыланды. Жиналыс ата-аналармен пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.Ата-аналарға бала тәрбиесі мен дамуына қатысты педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету мақсатында консультациялық пункт жұмысын ұйымдастыру мәселесі де қарастырылды.


Бала тәрбиесі – отбасы мен балабақшаның ортақ міндеті. Осы жолдағы өзара түсіністік, сенім мен бірлескен әрекет – баланың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағының негізі.

Made on
Tilda