Әр жұма сайын балабақшамызда ұлттық құндылықтарға бағытталған түрлі танымдық және шығармашылық іс-әрекеттер өткізіледі. Біз балаларға ұлттық құндылықтарды тек айтып қана қоймай, ойын арқылы сезінуге, шығармашылық арқылы тануға, дәстүр арқылы түсінуге мүмкіндік береміз.
Ұлттық құндылықтарды бала бойына ерте жастан сіңіру – оның туған жерін, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтейтін тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Осындай іс-әрекеттер арқылы балалар:
🇰🇿 өз ұлтының мәдениеті мен дәстүрін таниды;
🫶 бірлікке, достыққа және өзара сыйластыққа тәрбиеленеді;
🎨 ұлттық өнер мен қолөнерге қызығушылығы артады;
🧩 ұлттық ойындар арқылы ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдық қабілеттерін дамытады;
🌱 туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
Бала жүрегіне ұлттық құндылықтың дәнін себу – жарқын болашаққа жасалған маңызды қадам. 🇰🇿✨
«Ұлттық құндылықты дәріптеу – ұрпаққа аманат!»