Балабақшамызда бүлдіршіндерімізді мектеп өміріне шығарып салуға арналған «Бала шақтан -болашаққа» мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті.
Бұл ерекше күн – балалар үшін қуаныш пен толқынысқа, ал ата-аналар мен тәрбиешілер үшін ыстық сағынышқа толы сәт болды. Тәрбиешілерінің қамқорлығымен білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағына қадам басқан бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өлең оқып, өз өнерлерін паш етті.
Мерекелік кеш барысында ата-аналар мен ұстаздарға жүрекжарды алғыстар айтылып, мектеп табалдырығын аттағалы отырған түлектерге ақ жол тілектері арналды.
Қымбатты түлектеріміз! Алдағы мектеп өмірлеріңіз сәттілікке, жаңа жетістіктерге толы болсын! Білімге деген құштарлықтарыңыз артып, армандарыңыз орындала берсін. Ақ жол, жас түлектер!