«Ұлағат-2» балабақшасы Қамқоршылық кеңесінің алғашқы отырысы өтетіні туралы
Құрметті ата-аналар, педагогтер және қоғам өкілдері!
«Ұлағат-2» балабақшасында Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамының алғашқы отырысы өткізілетінін хабарлаймыз.
Өтетін күні: 2026 жылғы «30» қыркүйек
Уақыты: 11.00
Өтетін орны: «Ұлағат-2» балабақшасы
Өткізу форматы: офлайн
Күн тәртібі:
1. Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау.
2. 2026–2027 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын қарау және бекітуге ұсыну.
3. Балалардың тамақтануын, ауызсумен қамтамасыз етілуін, санитариялық жағдайын және балабақша аумағының қауіпсіздігін қоғамдық бақылау мәселелерін қарау.
4. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және алдағы міндеттерін айқындау.
«Ұлағат-2» балабақшасының әкімшілігі